"Ashyq" қатысушыларына демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі

971

"Ashyq" жобасының қатысушыларына локдаунға қарамастан демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Atameken Business.      

"Ashyq" қатысушыларына демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі

 Үкімет басшысы денсаулық сақтау министрлігі мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына осы мәселені қарастыруды тапсырған. Бұл ақпарат Маминнің ресми сайтында  жарияланды. Жаңа ереженің қашан күшіне енетіні әзірге белгісіз, белгілісі - бұл жеңілдік қосымшаны пайдаланатын бизнесмендердің санын арттырады. Бүгінде 111 мыңнан астам кәсіпкер "Ashyq" арқылы жұмыс істейді. Олардың жартысынан көбі сауда, тамақтану және білім беру салаларының өкілдері. Жобаға қатысушылардың саны артқаннан кейін "карантин бұзушыларын" анықтау да 15 есеге өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу