"Ashyq" қосымшасының баламасы пайда болды

849

Қазақстанда бизнес нысандарына еркін кіру үшін қолданылатын "Ashyq"  қосымшасына балама ретінде "Aitu" қосымшасы ұсынылды. 

"Ashyq" қосымшасының баламасы пайда болды

Егер техникалық жұмыстар салдарынан "Ashyq" қосымшасы қолжетімсіз болса, онда  "Aitu-ды"  пайдалану мүмкіндігі бар, деп хабарлайды inbusiness.kz  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысовтың сөзіне сүйеніп.

"Бірнеше апта бұрын BTS Digital компаниясы "Ashyq" қосымшасын "Aitu-мен" интеграциялауды ұсынған болатын. Біз келістік, себебі мультиплатформалық қағиданы ұстанамыз, мысалы мемлекеттік қызметтерді банк қосымшаларына шығарып едік қой, сол сияқты. Неге "Aitu"? Біріншіден, BTS  Digital - мемлекетпен жұмыс істеген компания. Яғни олар деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауапкершілік туралы меморандумға қол қойған. Екіншіден, "Aitu" да "Ashyq" сияқты жай ғана құрал, онда ПТР республикалық базасындағы мәліметтер сақталмайды, тек қана қажетті ақпаратты  бір реттік көрсетілім үшін "тартады". "Aitu" да "Ashyq" пилоттық тәртіпте жұмыс істеуде, ресми түрде кейінірек қосылуы керек еді. Бірақ функционалды сынақтан өткізетін кез келген сияқты", - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу