"Ashyq": "қызыл" статусы анықталған 86 тұрғындарға 30 АЕК айыппұл салынды

874

Олар өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған. 

"Ashyq": "қызыл" статусы анықталған 86 тұрғындарға 30 АЕК айыппұл салынды

"Қызыл" статусы анықталған 86 тұрғынға 14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы. 

Оның ішінде 2 тұрғынға екі рет айыппұл салынды.
COVID-19 үшін ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен алматылықтар қоғамдық орындарға барып, "Ashyq" бойынша жұмыс істейтін нысандарда-ХҚКО, мейрамхана, фитнес-орталықтар, әуежай және өзге де нысандардың қызметтерін пайдалануға тырысты.

Індет анықталған қала тұрғындары оқшаулану кещеңі аяқталғанша қоғамдық орындарға бармауы керек.
Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзатын тұрғындар банктер, университеттер, сауда, мейрамханалар, білім беру ұйымдары, байланыс, зейнетақы қоры және басқа да нысандардың қызметкерлері болып табылады.

"Сондықтан амбулаториялық емделіп жатқан қала тұрғындарын өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға шақырамыз. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдарға жұқтырмас үшін адамдар көп жиналатын орындарға бармаулары тиіс. Сонымен қатар, "Ashyq" жобасының қатысушыларына Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында барлық келушілерді сканерлеу қажеттілігін еске саламыз", – деп хабарлады қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу