Ashyq лидерлеріне жеңілдік қарастырылады – Абылай Мырзахметов

Ashyq лидерлеріне жеңілдік қарастырылады – Абылай Мырзахметов

29 Шілде 2021 10:28 376

Ashyq лидерлеріне жеңілдік қарастырылады – Абылай Мырзахметов
Келушілерді тексеріп, Ashyq жобасы арқылы жауапкершілікпен жұмыс істейтін бизнес субъектілерінің жұмыс күні ұзартылады. Егер эпидемиологиялық ахуал жақсарса, Ashyq-пен жұмыс істейтін кәсіпкерлікке тағы жеңілдік қарастырылады. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ОКҚ өткен онлайн-брифингте айтты, деп жазады палатаның баспасөз қызметі.

«Соңғы екі күннің ішінде ведомствоаралық комиссияның басшылығымен, соның ішінде Денсаулық сақтау министрлігімен пікір алмастық. Кәсіпкерлердің жағдайын түсінуге болады. Эпидемиологиялық ахуалды да көріп отырмыз. Бірінші кезекте халықтың денсаулығын қорғау маңызды. Екінші, экономиканы тоқтатпай, онда істеп жатқан кәсіпкерлік субъектілердің соңғы бір жылдағы ахуалы белгілі. Мойындарында несиелері, жалға алу төлемдері бар. Салық төлеу керек, жалақы төлеу керек.

Қазір 16 өңір «қызыл» аймақта. Соның бесеуінде (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Қырағанды облыстары) ахуал қиын болып тұр. Бес өңірдегі кәсіпкерлер 2 тамыздан бастап, бүгінгі шығатын қаулыға сәйкес, Ashyq жүйесімен ғана жұмыс істейді. Біздің келісім бойынша Ashyq жүйесімен жұмыс тек демалыс күндері тоқтатылады. Әсіресе, қызмет көрсету саласы. Бұл қаулыда бұл саладағы  30 бизнес түрі көрсетілген. Тамақ беру, сауда орталықтар, сән салондары және басқа бәрі толық аталған», –  деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ОКҚ өткен онлайн-брифингте.

Басқарма төрағасының айтуынша, эпиджағдай бір апта бақылауда болады. Сондай-ақ Ashyq-тың ішіндегі жауапты кәсіпкерлерге жеңілдік беріледі.

«Біз бір аптаға келісіп отырмыз. Яғни Ashyq-та істейтін кәсіпкерлер 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал Ashyq-тың ішіндегі жауапты кәсіпкерлерге стимул береміз. Яғни,  жауапкершілігін түсініп, келушілерді Ashyq-пен тексеретін кәсіпкерлерге жеңілдік қарастырылады. Олардың жұмысы 22.00-ге дейін ұзартылады», –  деді ол.

Ұлттық палата мен Денсаулық сақтау министрлігі келісімге келді. Бір аптадан кейін жағдай түзелсе, 9 тамыздан бастап бұл көрсеткіштер өзгертіледі. Яғни Ashyq-пен жұмыс істейтіндер 22.00-ге дейін, ал Ashyq-пен жауапты жұмыс істейтін – Ashyq лидерлеріне 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.  

«Негізгі кәсіпкерлер жағдайды түсінеді. Олардың сұрап отқаны – жауапты кәсіпкерлердің жұмысын тоқтатпау. Сондықтан осы тұрғыдан бұл шара дұрыс деп ойлаймыз. Сосын бір аптадан кейін жағдай түзелгенін көрсек, яғни науқастар азайып, ауыр халде жатқандар саны қысқарса, Ashyq  лидерлеріне қандай жеңілдік жасау мәселесін келесі апта қайта қараймыз», – деді Абылай Мырзахметов.

167283

Ұқсас материалдар:

hvk-alem-bojynsha-ekonomikalyk-alshaktyk-ulgajyp-barady

almatyda-ekpeni-kimder-alyp-zhatyr

karagandy-oblysynda-sajlangan-75-auyl-akim-kyzmetine-kiristi

apple-din-toksandyk-kirisi-81-4-milliard-dollarga-zhetti

shvedova-men-golubev-tokiodagy-aralas-zhuptyk-synda-zhenilip-kaldy

загрузка

×