Ashyq мобильді қосымшасының бастапқы кодты қайта жазылды

1140

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин коронавирусқа қарсы вакцина алған азаматтар Ashyq мобильді қосымшасы арқылы "жасыл" мәртебеге ие болатынын мәлімдеді.  

Ashyq мобильді қосымшасының бастапқы кодты қайта жазылды

Министр бұл іс денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Келесі аптаның басында вакцина алған адамдар Ashyq мобильді қосымшасында "жасыл" мәртебеге ие болады. Біз мұны Ashyq функциясы деп атаймыз. Себебі ол бірнеше қосымшада қолжетімді болады", – деді Бағдат Мусин.

Өз кезегінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин негізгі интеграциялық жұмыс аяқталғанын атап өтіп, Ashyq жүйесіне eGov mobile қосымшасы арқылы кіруге болатынын жариялады. 

"Біз азаматтардың өтінішін талдап, бизнес процесті жетілдіру және жүйенің жұмысын тұрақтандыру үшін бастапқы кодты қайта жаздық. Содан кейін оны eGov mobile-ға шығардық. Енді телефон нөмірі мен ЖСН енгізудің қажеті жоқ, тек авторизациядан өтіп, QR кодты сканерлеу керек. Бұған қоса біз сервисті екінші деңгейлі банктердің қосымшаларына шығару жұмысын атқардық", – деді Ростислав Коняшкин. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу