"Ashyq" төрт мыңнан астам адамның үй карантинін бұзғанын анықтады

619

Нұр-Сұлтанда "Ashyq" қосымшасы арқылы жұмыс істейтін нысандарда 5 сәуір мен 28 маусым аралығында 4039 адам үй карантинін бұзғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

 "Ashyq" төрт мыңнан астам адамның үй карантинін бұзғанын анықтады

Карантин тәртібін бұзғандар ішінде 1888 науқас және 2151 байланыста болған адам бар.

"Департамент тәртіп бұзушылардың үй карантиніндегі уақытын анықтау жұмысын жүргізуді бастады. Аумақтық басқармалар санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы 23 қаулы тапсырды, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 4 хабарлама берді", - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер құқық бұзушылардың басым бөлігі нысандарда анықталғанын хабарлады. Тиісінше науқастардың ең көп саны да сол орындарда тіркеледі. Есіл ауданында – 33%, Алматы ауданында – 30%, Сарыарқа ауданында – 22% және Байқоңыр ауданында – 15%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу