Ashyq жобасы аясында 50 мыңнан астам нысан тексерілді

632

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ashyq мобильді қосымшасы арқылы карантин талабын сақтамаған "қызыл" және "сары" мәртебедегі 16 663 адам анықталғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Ashyq жобасы аясында 50 мыңнан астам нысан тексерілді

"Ashyq жобасына қосылу талабын жеңілдету қатысушылар санын 3 есе арттырды. 27 шілдеден 3 тамызға дейінгі аралықта қатысушылар саны 21 900-дан 67 782-ге жетті", – деді Алексей Цой.

Министрдің сөзінше, Ashyq жобасы аясында мониторинг тобы 50 мыңнан астам нысанды тексеріп, 642 нысаннан заңбұзушылық анықтады.

"Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің дерегіне сәйкес, 10 шілдеден бері 16 663 ереже бұзушы анықталды, оның ішінде 10 305 келуші "қызыл" мәртебемен, 6 358 адам – "сары" мәртебемен көпшілік жиналатын орындарға кіргісі келген. Осылайша 16 мыңнан астам нысанда халықтың КВИ жұқтыруына жол берілмеді", – деді Алексей Цой.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу