Ashyq жобасы енді Павлодар, Тараз бен Ақтөбеде енгізіледі

915

Ashyq жобасы тағы үш қалада енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Ashyq жобасы енді Павлодар, Тараз бен Ақтөбеде енгізіледі

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сай еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі, ҰКП, авиация комитеті, әуежайлар, Қазақтелеком және "Эйр Астана" компаниясындағы әріптестермен кездесу өтті. Біздің алдымызда covid-19 індетімен күресу үшін цифрлық шешімдерді тезірек енгізу міндеті тұр. "Ashyq" қосымшасына қатысты айтарым, жоба өз нәтижесін беріп келеді. "Атамекен" ҰКП әріптестеріміз күн сайын фитнес-клубтарға келушілер арасында бұрын-соңды covid-пен ауырған адамдар бар екенін хабарлады" деп жазды Бағдат Мусин Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде осы жобаға қатыспаған басқа да бизнес өкілдері тізімге енгізуді сұрап отыр.

"ASHYQ жобасын пайдалану картасын кеңейту үшін Павлодар, Тараз және Ақтөбе өңіріне енгізбекпіз. Осылайша фитнес-клубтар, бассейн, боулинг, спа-орталықтар мен компьютер клубтарынан бөлек, жобаға қоғамдық тамақтану мен кинотеатрларды қосу жағы әзірленуде. Міндет – қазіргі қиын жағдайға қарамастан бизнес өкілдеріне жұмысын жалғастыруға мүмкіндік беру. Өздеріңіз білесіздер, жақында Францияда ұлттық локдаун жарияланды, барлық қажетті дүкендер жабылды. Германияда да қатаң шектеулер бар. Біз мұндай шектеулерге жол бермеу мақсатында қажетті шараларды қабылдаймыз. Бұған дейін айтқанымдай егер денсаулық жағын ойластыра отырып, елдегі бизнестің дамуына мүмкіндік беретін идеяларыңыз болса тыңдауға әзірміз. Мен өз тарапымнан Ashyq жобасын мемлекеттің қаржыландыруынсыз қолдап, бастама көтерген Виталий Пустовойтенкомен оның ұжымына алғыс айтқым келеді. Міне, азаматтық бастаманың жарқын мысалы!" дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Министр сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Атамекен ҰКП атап өтті. "Өйткені онсыз бұл жобаны жүзеге асыру мүмкін емес еді" дейді Бағдат Мусин.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу