Қаулыға сәйкес тізімдегі нысандарға тек "Ashyq-пен" кіруге болады:
- йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
 - спа-орталықтары;
 - моншалар, сауналар, бассейндер;
 - PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
 - боулинг клубтары;
 - кинотеатрлар;
 - театрлар мен филармониялар;
 - стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
 - асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
 - облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
 - облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
 - бильярд клубтары;
 - концерт залдары;
 - ерікті қатысушылар;
 - караоке;
 - көрмелер;
 - океанариум;
 - марафондар;
 - көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
 - әуежайлар;
 - лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
 - балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
 - цирктер;
 - отельдер, қонақ үйлер;
 - халыққа қызмет көрсету орталықтары;
 - темір жол вокзалдары және автовокзалдар;
 - (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, (азық түлік емес) сауда үйлері, сауда желілері;
 - балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін);
 - букмекерлік конторалар;
 - сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
 - барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (балаларды 12 жастан бастап ерікті түрде тіркей отырып);
 - спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
 - білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін).
 
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу