Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандардың жұмыс уақыты ұзартылады

683

Елімізде 20 қазаннан бастап карантиндік шектеу шаралары жеңілдейді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандардың жұмыс уақыты ұзартылады

Алексей Цойдың айтуынша, COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар, мүгедектер және балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік нысандардың пациенттеріне баруға рұқсат беріледі. Ал түнгі клубтар тек "жасыл" мәртебесі бар адамдарға ғана қызмет көрсетеді. 

"Түнгі клубтарда "жасыл аймақта" 100 адамнан артық емес, "сары аймақта" 70 адамнан артық емес, "қызыл аймақта" 50 адамнан артық емес адам ғана болуға тиіс. Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандардың жұмыс уақыты "жасыл аймақта" сағат 03-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары –  сағат 05-00-ге дейін, "сары аймақта" сағат 01-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары – сағат 03-00-ге дейін ұзартылады", – деді министр.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу