"Аshyq" жобасына кинотеатрлар да қосылуы мүмкін

992

Алматыда "Ашық" жүйесіне кинотеатрлар да қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.  

  "Аshyq" жобасына кинотеатрлар да қосылуы мүмкін

Бұл туралы   қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, "Ашық" жүйесі арқылы жұмыс істеуге ниет білдірген кәсіпкерлер көп. Алматыда жобаның келесі кезеңінде 15 бағыт бойынша жаңа нысандар қосылады деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда,  қоғамдық тамақтану орындары, спорт залдар, балалар орталықтары  және кинотеатрлар бар. Аталған бизнес нысандарды жүйеге қосу үшін бас санитар дәрігер тиісті қаулы шығаруы керек. Айта кетейік, қазіргі таңда "Ashyq" қосымшасын 125 мың адам жүктеп алған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу