Аshyq жобасына қосылған кәсіпкерлік саны 74 мыңнан асты

1140

Ashyq жобасына қосылу үшін 28 шілдеде 3 754 өтінім қабылданса, 29 шілдеде 22 138 QR-код берілді. 30 шілдеде 13 364 кәсіпкердің өтінімі мақұлданды.

Аshyq жобасына қосылған кәсіпкерлік саны 74 мыңнан асты

"Атамаекен" ҰКП баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 тамызда жобаға 2 665 нысан қосылған, ал 2 тамызға қараған түнде 232  бизнес жоба аясында жұмысын жалғастыруға өтінім берген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2 тамыз таңертеңгі жағдай бойынша 74 156 бизнес субъекті Ashyq жобасы арқылы жұмысын жалғастырып жатыр", – дейді баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бүгін 5 өңірде (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Қарағанды облыстарында) карантин шаралары күшейді. Бірқатар бизнес субъектінің жұмысы уақытша шектеліп отыр. Алайда кәсіпкерлер коронавирус инфекциясының таралмауын қамтамасыз ете отырып кәсібін жалғастыру үшін Ashyq арқылы жұмыс істей алады. Тек кәсіпкер нысанға келушілерді міндетті түрде QR-код арқылы тексеруі керек.

Ashyq шарттарын адал орындаған кәсіпкерлерге қосымша жеңілдік қарастырылады. Олардың жұмыс уақыты ұзартылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу