Аshyq жүйесін жетілдіруді жалғастыру қажет – Абылай Мырзахметов

748

Үкімет отырысында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кәсіпкерлер Аshyq жүйесіне 5-10 минутта тіркеле алатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аshyq жүйесін жетілдіруді жалғастыру қажет  – Абылай Мырзахметов

"Мемлекет басшысы 19 шілдеде Аshyq жүйесіне тіркелу кезіндегі қағазбастылықты жою туралы тапсырма берді. Оны құзыретті органдар жүзеге асырды, – деді Абылай Мырзахметов.

Басқарма төрағасы бұрын тіркелу 7 күнге созылса, қазір бұл істі 5-10 минутта   автоматты түрде атқаруға болатынын баяндады. 

"50 мыңнан астам кәсіпкер жүйеге тіркеліп, карантин кезінде жұмысын жалғастырып жатыр. Эпидемиологиялық жағдай бір күнде реттелмейді. Сондықтан Аshyq жүйесін жетілдіруді жалғастыру қажет", – деді Абылай Мырзахметов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу