"Ashyq" жүйесінде "жасыл" статусы жоқ адамдар "Нұрлы Жолға" кіре алмайды

1534

Коронавирус жұқтырған азаматтар мен онымен байланыста болғандар 17 маусымнан бастап елордадағы "Нұрлы Жол" вокзалына кіре алмайды.  

"Ashyq" жүйесінде "жасыл" статусы жоқ адамдар "Нұрлы Жолға" кіре алмайды

Коронавирустың таралуына қарсы ведомстоаралық комиссия осындай шешім шығарып отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайту үшін 2021 жылдың 17 маусымынан бастап "Нұрлы Жол" вокзал кешенінде Ashyq қосымшасы енгізіледі", делінген ВАК-тың әлеуметтік желіде таратқан видеосында.

Яғни "қызыл" және "сары" статусына ие жолаушылар вокзалға кіргізілмейді. Ал шетелдіктердің статусы паспорттағы нөмірімен тексеріледі. 18 жасқа дейінгі балалар тексеруден өтпейді.

"Вокзал кешенінің барлық кіреберісінде Ashyq қосымшасы QR-код арқылы сканерлеу әдісімен жұмыс істейді. Жолаушылар арасындағы қашықтықты сақтау үшін вокзал кешенінің қызметкерлері кіреберікте тұрады. Жолаушы кірер алдында QR-код арқылы тексеруден өтуі тиіс. Егер жолаушының ұялы телефонында қосымша жоқ болса, ол возкал қызметкеріне ЖСН нөмірін көрсетуі керек", – делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу