Asia Times: Украина құлаған жағдайда Байден өзінің әскерін жібереді

714

Егер Украина туы құлайтын болса, АҚШ президенті Джо Байден НАТО-ның рұқсатын сұрамай-ақ ұрыс алаңына әскер жібере алады.  

Asia Times: Украина құлаған жағдайда Байден өзінің әскерін жібереді Фото: img8.eadaily.com

Бұл туралы Гонконгтың Asia Times газеті жазады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Егер Байден Украинаның жақын арада жеңіліс табатынын сезсе, соғысқа Американың араласуы әбден мүмкін.

Ол "еріктілерді" ешбір НАТО-сыз-ақ соғысқа жібере алады, ондай жағдайда альянс қарсы тұра алады деудің өзі артық", - делінген басылымда

Мақала авторлары Стивен мен Шошана Брайен Байден әкімшілігі Ресей тарапын қандай мақсатта одан ары ызаландырып жүргендерін түсінбейді:

"Еуропаны үлкен соғысқа тарту - саясаттан хабары жоқ, ең ақымақ шенеуніктің өзін ойландыратын мәселе. Бұл заңды құбылыс. Соған қарамастан НАТО неліктен таңдалған курстан бас тартпайтыны түсініксіз, бәлкім АҚШ-тың мысы басқан болар".

"Байден әкімшілігі шынымен де осындай үлкен тәуекелге барғысы келе ме? Киев ядролық соққыға ұшырауы мүмкін екенін Зеленский біле тұра, елінің болашағының жарқын боларына неге соншалықты сенімді?!" - делінген мақалада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу