Asia Trafo Шымкентте алғашқы трансформаторларын шығарды

1149

Өнім ТМД, Иран, Ауғанстан, Пәкістан нарықтарына жеткізіледі.         

Asia Trafo Шымкентте алғашқы трансформаторларын шығарды

"Asia Trafo"  ЖШС Шымкентте кернеуі 110 кВт-тан 500 кВт-қа дейінгі алғашқы трансформаторларын шығарды, деп зауыттың бас  директоры Серғазы Күнтуаров Интерфакс-Қазақстанға мәлім етті.  

Зауыт ақпарына сәйкес, өнім ТМД, Иран, Ауғанстан, Пәкістан нарықтарына жеткізіледі.         

Кәсіпорынның  қуаты жылына 120 трансформатор шығаруға жетеді. Алғашқы жоғары қуатты трансформаторлар қазір сынақтан өтіп жатыр, күзде сатуға шығарылады. Жабдық  Шымкентке және Түркістанға орнатылады деп жоспарланып отыр.      

"Биылғы жылы 7 млрд теңгеге  тауар шығарамыз деп отырмыз. Қазір сыртқы нарықты зерттеп жатырмыз", – деді зауыттың бас директоры.         

"Сондай-ақ автотрансформатор, реакторлар жасаймыз. Бұрын Қазақстан мұның барлығын Ресейден, Украина мен Қытайдан сатып алатын. Осы зауытты іске қосқаннан кейін елдің 100 пайыз сұранысын жабатын боламыз", – деді ол.        

Кәсіпорындағылар зауытта жасалған жоғары қуатты трансформаторлар ірі қалаларды, өндірістік орталықтарды, темір жол нысандарын электр энергиясымен қамтамасыз ете алатынын айтты. Қазақстандық мамандар трансформаторды өздерінің ерекше технологиялары бойынша жинайды.     

Жоғары қуатты трансформаторлар жасайтын зауыттың құрылысы 2017 жылы мемлкеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында басталған. Жобаның жалпы құны 18,9 млрд теңге, оның 8,7 млрд теңгесін Қазақстан Даму банкі 12 жылға қарыз түрінде берген. Сонымен қатар 5,9 млрд теңгені БРК-Лизинг қаржыландырған. 

"Asia Trafo" ЖШС 2016 жылы тіркелген. Негізгі жұмысы электрқозғалтқыштарын, генераторлар мен трансформаторлар жасау.  

"Asia Trafo" кәсіпорны "Кентау трансформатор зауыты" АҚ-мен бірге қазақстандық электротехника нарығының 50%-дан астам үлесін алып отырған Alageum electric холдингінің құрылымына кіреді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу