Асқар Ақаев Бішкектен Мәскеуге оралды

1112

Ол 2 тамыздан бері Қырғызстанда болды. 

Асқар Ақаев Бішкектен Мәскеуге оралды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Бішкектен Мәскеуге оралды, деп хабарлайды Inbusiness.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Бұрынғы мемлекет басшысы Бішкекке 2 тамызда келген. Ақаевтың айтуынша,ол "Құмтор" алтын кен орнын игеру кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеуге көмектесу үшін бір апта болған. Бұған дейін Ақаев қырғыз халқынан "Құмтор" жобасы бойынша елдің үмітін ақтамағаны үшін кешірім сұраған болатын. Экс-президент бақылаудың жоқтығы салдарынан канадалық инвесторлар кен орнын толық бақылауға алып, Қырғызстаннан аз дивиденд түскенін және экологиялық проблемалардың көбейгенін мәлім етті. 

8 шілдеде Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчибек Ташиев республиканың бұрынғы президенттері Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиевке "Құмтор ісі" бойынша халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлады. Сондай-ақ Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрлері Апас Жұмағұлов, Өмірбек Бабанов және Игорь Чудинов, Бұрынғы мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбековтың ағасы, парламенттің экс-спикері Асылбек Жээнбеков және Бакиевтің кіші ұлы Максим Бакиевке іздеу жарияланды. 

Асқар Ақаев 1991-2005 жылдар аралығында Қырғызстан президенті болған. Халық оның отставкасын талап етіп, митингке шыққаннан кейін, қызметінен кетті. 2005 жылдан бері ол Ресейде тұрады. Сол уақыттан бері ол ешқашан Қырғызстанға барған емес.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу