Асқар Ақаевтың ұлы қайтыс болды

1092

44 жастағы Айдар Ақаевтың кенеттен жүрегі тоқтап қалған. 

Асқар Ақаевтың ұлы қайтыс болды

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың ұлы Мәскеуде қайтыс болды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

44 жастағы Айдар Ақаевтың кенеттен жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер көмек көрсетіп те үлгермепті.

Еске сала кетсек, Асқар Ақаев "қызғалдақ революциясынан" соң 2005 жылы отбасын алып, елден кеткен болатын, қазір Мәскеуде тұрады.

Қырғыздың экс-басшысының қайтыс болған ұлы мен күйеу баласына қатысты кезінде қылмыстық іс қозғалған еді. Оларға экономикалық қылмыс жасады деген айып тағылған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу