Асқар Есілов Байқоңыр ауданы әкімі болып тағайындалды

2028

Ол 2016 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Асқар Есілов Байқоңыр ауданы әкімі болып тағайындалды

Бүгін елорда әкімі Бақыт Сұлтанов Байқоңыр ауданы әкімі мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындауға Асқар Есіловтың кандидатурасын ұсынды. Мәслихат депутаттары оның кандидатурасын бірауыздан қолдады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Асқар Есілов 1979 жылы Целиноград қаласында туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 2002 жылы Орал мемлекеттік заң академиясын, 2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетің тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылдан бастап Астана қаласы Қаржы департаментінің бас маманы-заңгер қызметін атқарудан бастаған

2014 жылғы сәуір айынан бастап 2015 жылғы 2 наурыз айына дейін – "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ корпоративті басқару департаментінің директоры.

2016 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу