Асқар Мамин Арыс пен Түркістанда болды

1200

Премьер-министр Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарын және Түркістандағы құрылыс нысандарын тексерді.  

Асқар Мамин Арыс пен Түркістанда болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде Арыс қаласындағы тұрғын үй секторының, білім беру және денсаулық сақтау нысандарының қалпына келтірілу, сондай-ақ Түркістан қаласындағы әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік ғимараттардың салыну барысын тексерді, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Қаладағы шағын және орта бизнес нысандарын аралау кезінде Үкімет басшысына 536 кәсіпкерлік қызмет субъектісінен 509-ы қалпына келтіруді қажет ететіні туралы ақпарат берілді. Қазірдің өзінде 316 бизнес нысаны жұмыс істей бастаған. 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин стадионға, ауруханаға, мектепке барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Сонымен қатар жергілікті маңызы бар тарихи және сәулет ескерткіші болып табылатын "Арыс-1" теміржол вокзалын аралады. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Үкімет құрамына ғалымдар, реставраторлар, тарихшылар, Мәдениет және спорт министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері кірген комиссия құрды. Комиссия қорытындысына сәйкес, Арыс қаласының вокзалын қалпына келтіру бойынша "Самұрық-Қазына" Қоры жүзеге асырып жатқан жұмыстар оның тарихи-архитектуралық құндылығын жоймайды.    

Арыс қаласында барлығы 66 әлеуметтік нысан бар, оның 62-сі күрделі жөндеуден өткізілуі керек, ал 4-уі толық қалпына келтірілуі тиіс. Қазір 45 нысанда жұмыстар аяқталды. 

Асқар Мамин сондай-ақ Арыс қаласында тұрғын үйлері толық бұзылған 100 отбасыға арналған 52 қос пәтерлі коттеджден тұратын жаңа ықшамауданның салыну барысын көрді.  

Түркістан қаласында ҚР Премьер-Министрі жаңа автовокзалдың ашылу рәсіміне қатысты.

ҚР Үкіметінің басшысына әкімшілік, әлеуметтік, тарихи-мәдени нысандардың салыну барысы туралы баяндалды. Асқар Мамин оқушылар сарайына барып, облыс әкімдігі, медиа орталық, конгресс-холл ғимараттарының, "Нұр-Сұлтан" алаңы, Тұңғыш Президент саябағының, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің, музыка мектебінің, бассейні бар оқушылар сарайының, неке сарайының, Қазақ драма театры, халыққа қызмет көрсету орталығының, сондай-ақ аттракциондары бар қалалық саябақтың, музыкалық фонтан мен амфитеатрдың ғимараттарын көрді. 

ҚР Премьер-Министрі сонымен қатар салынып жатқан тарихи мәдени орталықтың, "Ұлы дала Елі" орталығының, Қ.А. Яссауи музейінің, Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің Ұлттық орталығы ғимаратының, визит орталығының, Шығыс моншасының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың құрылыс алаңын аралап көрді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу