Асқар Мамин Арыстағы құрылыс қарқынын тексерді

800

Қазір Арыс қаласында 1544  жекеменшік тұрғын үйде құрылыс жұмыстары аяқталған, 7089 жеке тұрғын үйде және 96 көпқабатты үйде қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Асқар Мамин Арыстағы құрылыс қарқынын тексерді Фото: primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Арыс қаласындағы зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Қазір Арыс қаласында 1544  жекеменшік тұрғын үйде құрылыс жұмыстары аяқталған, 7089 жеке тұрғын үйде және 96 көпқабатты үйде қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Құрылыс жұмыстары 126 жекеменшік үйде және 1 көпқабатты үйде жүргізілуде. 66 әлеуметтік нысанның 62-сінде қалпына келтіріліп жатыр. Ал 4 нысанда жаңадан құрылыс басталған.

Бұл жұмыстарға 207 компания, 7073 жұмыскер, 265 арнайы техника тартылған.

ҚР премьер-министрі зардап шеккен бизнес нысандарын, көлік және инженерлік инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын төмендетпеуді,  сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру нысандарын дайындау бойынша кешенді шаралар қабылдау тапсырды.

Түркістан қаласына жұмыс сапары барысында Асқар Мамин салынып жатқан тарихи-мәдени орталық аумағында ҚР премьер-министрі "Ұлы дала Елі" орталығын, Қ. А. Яссауи музейін салу бойынша жұмыстардың барысымен. Сонымен қатар Асқар Мамин Ұлы Жібек жолының қолөнершілерінің Ұлттық орталығы ғимаратын, келу орталығын реконструкциялау, Шығыс моншасының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың салыну барысын көрді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу