Асқар Мамин Ауғанстан Премьер-Министрімен кездесті

1281

Тараптар екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша диалогты дамыту туралы келісімге келді.  

Асқар Мамин Ауғанстан Премьер-Министрімен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) отырысына қатысу үшін Ташкент қаласына жасаған сапары аясында Ауғанстан Премьер-Министрі Абдулла Абдулламен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Үкімет басшысының ресми сайты.

"Біз Ауғанстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және арттыруға ерекше көңіл бөлеміз. Бұған көп жылдар бойы жалғасып келе жатқан екіжақты саяси диалогтың жоғары деңгейі дәлел бола алады", – деді А. Мамин.

Келіссөздер барысында ҚР-ның АИР-мен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығы, қазақстандық бизнестің Ауғанстанның энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі және мұнай-газ өнеркәсібі, көлік саласын дамытуға қатысуы мәселелері қаралды.

А. Абдулла Қазақстанға көрсеткен гуманитарлық және басқа да көмектері, оның ішінде АИР дамыту бойынша Ресми көмек желісі бойынша және қазақстандық жоғары оқу орындарында, орта арнайы және кәсіптік оқыту мекемелерінде ауғанстандық мамандарды даярлаудағы көмегі үшін алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу