Сондай-ақ Үкімет басшысы қаладағы ғарыш саласындағы бірлескен қазақстандық-ресейлік жобалардың іске асырылуын көрді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Үкімет басшысына қаланы газдандыру және сумен жабдықтау, туристік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ Байқоңыр қаласында "Байқоңыр" АЭА құру жұмыстарының жүргізілу барысы туралы баяндалды.
"Союз МС-18" басқарылатын кораблінің ұшырылуын және оның Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуін бірлесіп бақылағаннан кейін Үкімет басшысы "Роскосмос" ғарыш қызметі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен ғарыш саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.
Премьер-Министр адамның ғарышқа алғаш ұшуының 60 жылдығына арналған конференцияның пленарлық отырысына қатысты. Үкімет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шараға қатысушыларға арнаған сөзін оқып берді.
"Міне, 65 жыл бойы әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы болып келген Байқоңыр ғарыш айлағынан 150 ғарышкер кең байтақ ғаламды игерді. Олардың қатарында қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов бар. Қазақстан мен Ресейдің одан әрі белсенді және жемісті ынтымақтастығы ғарыштық зерттеулер мен басқарылатын ұшулар саласындағы бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға ықпал ететініне сенімдімін", — деді А. Мамин.
Конференцияның пленарлық отырысына "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозин, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, NASA әкімшісінің орынбасары Кеннет Бауэрсокс, қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов және Мұхтар Аймаханов, "One Web" және "SES Networks" спутниктік операторларының басшылығы және т.б. қатысты.