Асқар Мамин бастаған үкімет мүшелері сенбілікке қатысып жатыр

1169

Тазалау науқаны #Birge #TazaQazaqstan хэштегімен өтуде.

Асқар Мамин бастаған үкімет мүшелері сенбілікке қатысып жатыр

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қоянды су қоймасы аумағын қоқыстан тазартуға қатысып жатыр, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Сондай-ақ, іс-шараға үкімет мүшелері, қоғам қайраткерлері, экологтар, еріктілер, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысуда.

Сенбілікке ҚР премьер-министрі Асқар Мамин, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, мәжіліс депутаты Зағипа Балиева, Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов та келді.

"Мен бұл акцияның Қазақстанға кеңінен таралатынына сенемін, бүгін осы жобаны дамытуға шақырамын",– деді Асқар Мамин қатысушылар алдында.

Ұйымдастырушылар шараға 1200 адам атсалысып жатқанын айтады.

Тазалау науқаны #Birge #TazaQazaqstan хэштегімен өтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу