Асқар Мамин Бішкекте Еуропалық Комиссияның вице-президентімен кездесті

641

Бішкекте "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" экономикалық форумы өтіп жатыр. 

Асқар Мамин Бішкекте Еуропалық Комиссияның вице-президентімен кездесті

5 қарашада Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" экономикалық форумы аясында Еуропалық Комиссияның вице-президенті Валдис Домбровскисмен кездесті. 
Тараптар Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Домбровскис Бішкекте бірінше рет өтіп жатқан "ЕО – Орталық Азия" экономикалық форумында Еуропалық Одақты атынан келіссөздер жүргізеді. Бұл жиынға ЕО және Орталық Азия елдерінің жоғары лауазымды өкілдері, ЕО жобаларын осы аймақта жүзеге асырып жатқан ұйымдар, жеке сектор өкілдері, еуропалық қаржы институттары қатысып жатыр. Форумда Орталық Азияның экономикалық даму саласындағы басым қажеттіліктері туралы пікірлер айтылады. Бұл форумың негізгі бағыттары – жасыл экономика, цифрландыру және іскерлік ортаны дамыту мәселелері.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу