ҚР премьер-министрі Асқар Мамин "Шеврон" (Chevron) компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы М. Уиртпен мұнай өндіру саласындағы өзара іс-қимылдың келешегі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Үкімет басшысы соңғы жылдары Қазақстан "Шеврон" компаниясымен тығыз және өзара тиімді ынтымақтастық орнатқанын атап өтті. Асқар Мамин жүзеге асырылып жатқан жобалардағы компанияның сатып алуларындағы жерігілікті қамту үлесін арттыруға қызығушылық бар екенін жеткізді.
Тараптар құны $36,8 млрд құрайтын "Теңізшевройлдің" (ТШО) кеңейту жобасын талқылады. Жобаны 2022 жылы аяқтау ТШО табысын жылына 12 млн тоннаға арттырады.
Қазақстанның "Шевронмен" ынтымақтастығы келесіде аталған жобалар аясында жүзеге асырылуда: Теңіз (50%), Қарашығанақ (18%) және Каспий құбыр консорциумы (15%). "Шеврон" энергия тасымалдаушыларды өндірумен және тасымалдаумен қатар, Атырау полиэтилен құбырлары зауыты (АПҚЗ) және Атырау құбыр желісі арматуралары зауыты (AҚАЗ) және т.б. жұмысын қамтамасыз етеді.