Асқар Мамин ЕАЭО-ның дағдарысқа қарсы шараларын жаңартуды ұсынды

853

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін шұғыл шара қабылдау қажет. 

Асқар Мамин ЕАЭО-ның дағдарысқа қарсы шараларын жаңартуды ұсынды

Премьер-министр Асқар Мамин, Қырғызстанда өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық одақтың Үкіметаралық отырысында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Аtameken Business. Айтуынша, қазір тауар мен қызмет ақысының тым шарықтауы 5 мемлекеттің ортақ нарығына біршама кері әсер етіп жатыр. Тіпті жекелеген санатта, алыс-беріс құлдырап та кеткен. Одақтас мемлекеттер арасындағы сауда-саттық сальдосы, 2020 жылдың өзінде 100 млрд доллардан әзер асқаны белгілі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдері қорының ақпарына қарағанда, шілдедегі импорт пен экспорт индексі, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31%-ға төмендеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу