Асқар Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді

1188

Кездесу алдында АХҚО аумағында Банк кеңсесін ашу ресми рәсімі өтті – ЕДБ "Астана" халықаралық қаржы орталығында орналасқан алғашқы даму банкі болды.  

Асқар Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді

"Астана" халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды  Үкіметтің баспасөз қызметі.

Шараға банк акционерлерінің өкілетті өкілдері: Армениядан – вице-премьер М. Григорян және қаржы министрінің орынбасары А. Айрапетян, Беларусьтен – қаржы министрі М. Ермолович және экономика министрі Д. Крутой, Қырғызстаннан – қаржы министрі Б. Жеенбаева және экономика министрі С. Муканбетов, Ресейден – үкімет төрағасының бірінші орынбасары – қаржы министрі А. Силуанов және қаржы министрінің орынбасары С. Сторчак, Тәжікстаннан – қаржы министрі Ф. Каххорзода және экономикалық даму және сауда министрі З. Завкизода, Қазақстаннан – Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ә. Смайылов қатысты.

 "ЕДБ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын дамытуға және бірлескен жобаларды қаржыландыруға қомақты үлес қосуда", – деді А. Мамин.

Отырыста Еуразиялық даму банкінің 2019 жылғы жұмыс қорытындысы талқыланып, 2020 жылға арналған міндеттер айқындалды. Кеңес ірі инвестициялық жобаларды бекіту, цифрлық бастамаларды іске асыру және Банк қатысушыларының құрамын кеңейту мәселелерін қарастырды.

Осы жылы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ЕДБ-ның инвестициялық қоржыны $4 млрд-тан асты, өсімі 2018 жылмен салыстырғанда 18% ($621 млн) құрады. Биыл 11 айда $1,2 млрд жуық көлемді қамтитын 23 жаңа инвестициялық жобаға қол қойылды, олар энергетика (27,9%), инфрақұрылым (22,4%), қаржы секторы (15%) және басқа да салаларды қамтиды.

Банктің инвестициялық қоржынының елдер құрылымы бойынша Ресейдегі (42,8%) және Қазақстандағы (42%) жобалары басым. Оның 11,2% - Беларуське, 2,3% – Арменияға, 1,6% – Қырғызстанға, 0,1% – Тәжікстанға тиесілі.

Биыл ЕДБ қаржы институттарын – жергілікті банктерді есептік қызмет көрсетуді іске қосты, осылайша, "банктер үшін банк" тұжырымдамасын жүзеге асырды, және жергілікті биржаларды қамтыды. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 40 қаржы институты үшін 134 есепшот ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу