Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

1169

Іс-шара басталмастан бұрын елдердің делегациялары басшылары Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті. 

Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Шолпан-Ата қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

ЕАҮК отырысына Ресей Федерациясының премьер-министрі Д. Медведев, Беларусь премьер-министрі С. Румас, Армения премьер-министрі Н. Пашинян, Қырғызстан премьер-министрі М. Абылгазиев және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т. Саркисян қатысты.

Іс-шара басталмастан бұрын елдердің делегациялары басшылары Қырғызстан Президенті С. Жээнбековпен кездесті. 

ЕАҮК отырысының қатысушылары интеграциялық үдерістерді одан әрі дамыту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді жою бойынша күн тәртібінің 15 мәселесін қарады. Тараптар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев бастамашы болған Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығы мен Еуразиялық Экономикалық Одақ құру туралы шартқа қол қойылғанына 5 жыл толуын атап өтті.  

Үкіметтердің басшылары ішімдік, қаржы нарығын реттеу, ЕАЭО аясында кедендік әкелім бажын бөлу мәселелері бойынша пікір алмасты.

Трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимылдың, өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың, Одақ елдерінің агроөнеркәсіптік кешенінің тұжырымдамалық мәселелері, сондай-ақ, Кеден Одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу