Асқар Мамин ЕуроХим кәсіпорнында болды

993

Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған делегация Жанатас қаласындағы Еурохим кәсіпорнында болды. 

Асқар Мамин ЕуроХим кәсіпорнында болды

Іссапар барысында қонақтар жылына шамамен 600 мың тонна фосфат ұнтағын шығаратын ЕуроХим минералды-химиялық компаниясы салған жаңа тау-кен кешенімен танысты және Қаратау бассейнінің кен орындарынан фосфат кендерін шығаруға мүмкіндік беретін бірегей ЕуроХим химиялық зауытын салу жобасын жан-жақты талқылады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті.

EуроХим жобасы Қазақстанның индустрияландыру картасына және өнеркәсіптік кооперацияны дамыту саласындағы екіжақты жобалардың тізіміне енгізілген. Үкіметаралық келісімнің жобасы дайындалды, оған келесі жылдың басында қол қойылу керек.

"Сапар барысында жаңа жұмыс орындарын құруға және жергілікті тұрғындарды тартуға, сондай-ақ Жаңатас пен Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға ерекше назар аударылды. ЕуроХим соңғы жылдары осы мақсаттарға 23 млн  доллар бөлді", - делінген ақпаратта.

Өкілдік делегацияның сапары өндірісті ұлғайтуға, өнімнің жаңа түрлерін шығаруға және облыс әкімдігі мен Қазақстан үкіметінің жан-жақты қолдауына бағытталған келесі қадам болатын Меморандумға қол қоюмен аяқталды.

EuroChem Group AG әлемдегі жетекші тыңайтқыш өндірушілердің бірі, оның кәсіпорындары негізінен азот және фосфор тыңайтқыштарын, сонымен қатар органикалық синтез өнімдерін және темір кені концентратын шығарады. Топ тігінен интеграцияланған құрылымға ие. EuroChem қызметі минералдар мен көмірсутектерді өндіру, сонымен қатар тыңайтқыштар өндірісі, логистика және таратуды қамтиды.

ЕуроХим компаниясы Қазақстанда 2008 жылдан "Сары-Тас" АҚ мемлекеттік пакетін иемденген сәттен бастап жұмыс істейді. Ол кезде зауыт 15 жыл бойы тоқтап тұрған. Компания барлық қарыздарды, салықтар мен зейнетақы жарналарын төледі, жұмысшылар жалақы ала алды. 2009 жылы ЖШС өз жұмысын Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында бастады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу