Асқар Мамин халал өнімдер экспортын дамытуды тапсырды

954

Үкімет отырысы барысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қазіргі уақытта халал өнімдерін өндіруді дамытудың жол картасын келісу аяқталуға жақындағанын атап өтті.

Асқар Мамин халал өнімдер экспортын дамытуды тапсырды

Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин халал өнімдер экспортын дамытуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Әлемдік үрдістерді ескере отырып, халал өнімдері экспортын дамыту қажет. Отандық халал өнімдерінің мұсылман нарығында жоғары бәсекеге қабілеттілігі осы өнімдердің халықаралық талаптарға сәйкестігін бақылау жүйесін дамытуды қажет етеді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, биылғы 15 тамызға дейін халал өнімдерін дамыту жөнінде жол картасын үкіметке енгізуді қамтамасыз етуді тапсырамын", – деді Асқар Мамин.

Үкімет отырысы барысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қазіргі уақытта халал өнімдерін өндіруді дамытудың жол картасын келісу аяқталуға жақындағанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу