Асқар Мамин Қаржы министрлігінің жаңа басшысын таныстырды

1745

Премьер-министр Ерұлан Жамаубаевтың қаржы-банк саласындағы еңбек тәжірибесі  қойылған міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді деген сенім білдірді. 

Асқар Мамин Қаржы министрлігінің жаңа басшысын таныстырды

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Қаржы министрлігінің ұжымына жаңа министр Ерұлан Жамаубаевты таныстырды, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты. 

Үкімет басшысы Қаржы министрлігінің алдына еліміздегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бюджет шығындарын оңтайландыру, бюджеттің атқарылуы, кедендік және салықтық әкімшіліктің тиімділігін арттыру бойынша маңызы үлкен міндеттер қойылып отырғанын атап өтті. 

А. Мамин Е. Жамаубаевтың қаржы-банк саласындағы зор еңбек тәжірибесі жаңа министрге қойылған міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді деген сенім білдірді. 

Е. Жамаубаев ұзақ жылдар бойы Ұлттық банк жүйесінде еңбек еткен, жетекші сарапшыдан бастап департамент директоры лауазымына дейін өскен. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарушы директоры қызметін атқарған, ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімін басқарған, ҚР Президентінің көмекшісі болып жұмыс істеген. Осы тағайындауға дейін ҚР Қаржы министрлігінде жауапты хатшы қызметін атқарған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу