Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді

1236

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.  

Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді

Жеңілдікті несие беру бағдарламаларының мониторингі және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін бағалау туралы Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр, мемлекеттік сатып алудағы, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту, өңірлердің экономикалық картасын өзектендіру барысы мен микроқаржы ұйымдарын дамыту мәселелері туралы "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады.

Қазіргі таңда Жобалық офис "Қарапайым заттар экономикасы", "Бизнестің жол картасы-2025", "Кең дала" жеңілдікті несие беру бағдарламаларының және "ҚазАгро" холдингінің басқа да қаржы құралдарының субъектілік мониторингін жүргізуде. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша бүгінде қаржыландырудың жалпы көлемінің 72%-ы іске асырылды — екінші деңгейдегі банктер 724,1 млрд теңге сомасына 2903 жобаны мақұлдады, 579,3 млрд теңге сомасына 2317 жоба субсидияланды. Мақұлданған жобаларды іске асырудың болжамды тиімділігі шамамен 22 мың жұмыс орнын ашуды көздейді.

Биылғы 13 сәуірде "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында қолдауға жататын қызметтің басым түрлері мен тауарларды кеңейтуді, лизингтік компанияларды бағдарлама операторлары ретінде қосуды, қаржы институттары-бағдарлама операторларының меншікті капиталының ең төменгі мөлшері туралы талапты 60-тан 50 млрд теңгеге дейін төмендетуді көздейтін түзетулердің 7-топтамасы күшіне енді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу