Асқар Мамин Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады

824

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин отандастарымызды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Асқар Мамин Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады

"Құрметті қазақстандықтар, Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын! Бұл – Қазақстан халқы үшін аса қастерлі мерекелердің бірі. Бұл күні біз қасиетті Отанымызды қасық қандары қалғанша қорғап, кейінгі ұрпаққа жарқын болашақ пен бейбіт өмір сыйлаған әкелеріміздің, ата-бабаларымыздың батырлығы мен қайсарлығына құрмет көрсетеміз, жеңімпаз майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің алдында шынайы құрметпен және ризашылықпен басымызды иеміз" делінген құттықтау хатында.

Сондай-ақ Үкімет басшысы елімізде ардагерлер қатары сиреп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.

"Жыл сайын ардагерлеріміздің қатары сиреп барады. Біздің парызымыз – оларға барынша көңіл бөліп, қамқорлық көрсету, қаһарман батырларымыздың тарихқа айналған ерліктерін келер ұрпаққа жеткізу. Ұлы Жеңістің жаңғырығы біздің жүрегімізде мәңгі сақталады", - деді ол.

Сөз соңында Асқар Мамин Қазақстанның көгінде әрдайым бейбіт күннің жалауы желбіреуін, ардагерлерімізге мықты денсаулық, өршіл рух, туған-туыстары мен жақындарына бақыт, балалары мен немерелеріне қуаныш тіледі!

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу