Асқар Мамин Қазақстан хоккей федерациясының президенті болып қайта сайланды

1000

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан хоккей федерациясының (ҚХФ) XIV республикалық конференциясы өтті. Конференция қатысушыларының бірауыздан шешімімен Асқар Мамин Қазақстан хоккей федерациясының президенті лауазымына қайта сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстан хоккей федерациясына сілтеме жасап.

Асқар Мамин Қазақстан хоккей федерациясының президенті болып қайта сайланды

Жиында ҚХФ Президентінің 2016-2021 жылдар аралығындағы жұмыс туралы есебі, Федерацияның жарғысы мен ережесі, штаттық құрылымы қаралды. Басқару және бақылау органдарының сайлауы өткізілді.

А. Мамин өз сөзінде қазіргі уақытта ерлер арасындағы әлемдік рейтингте Қазақстан командасы 19-дан 13-орынға көтерілгенін атап өтті. Осы уақыт ішінде қазақстандық құрама командалар 19 әлем чемпионатына, Қысқы Азия ойындарына, екі қысқы Дүниежүзілік Универсиадаға, олимпиада іріктеу турнирлеріне қатысып, 14 медаль жиынтығын жеңіп алған.

ҚХФ Президенті хоккей лигаларының, оның ішінде жастар, әйелдер және әуесқой лигалардың жоғары даму қарқынын, чемпиондық титул мен Қазақстан Республикасының кубогі үшін бәсекелестіктің артқанын атап өтті.

Балалар мен жасөспірімдер хоккейінің дамуындағы оң динамиканың артып келе жатқаны байқалады. Республикада 30 хоккей мектебі бар, оларда 269 жаттықтырушы жұмыс істейді. Командалар мен ойындардың саны артып келеді. Өткен кезеңмен салыстырғанда хоккеймен айналысатын балалар саны 32%-ға – 7,3 мыңнан астамға өскен.

Елімізде әлемдік деңгейдегі жаңа заманауи мұз сарайлары ашылғандығы атап өтілді. Бүгінде ҚР-да 34 жабық мұз аренасы мен модульдері бар. Жақын арада Павлодар қаласында мұз модулін және Қостанай қаласында мұз аренасын ашу жоспарда бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу