Асқар Мамин қазақстандық құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

1248

Премьер-министр аталған сала мамандарына маңызды міндет жүктелгенін атап өтті.  

Асқар Мамин қазақстандық құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандық құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

"Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен құттықтаймын. Сіздердің мамандықтарыңыз қоғам өміріндегі ең құрметті және аса сұранысқа ие мамандық. Сіздер өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер салып, еліміздің инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға зор үлестеріңізді қосып келесіздер. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз тұрмыс сапасын арттыруға және барлық қазақстандықтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге жол ашады. Бүгінде құрылыс секторы экономиканың негізгі драйверлерінің бірі. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының ауқымды міндеттерін жүзеге асыру сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен өз істеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңізге байланысты. Ерен еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Құрылыс саласының барлық қызметкеріне зор денсаулық, шаңырақтарына шаттық, еңбектеріне толағай табыс тілеймін!" – деп жазылған Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Маминнің құттықтауында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу