"Қымбатты қазақстандықтар!
Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл көктемгі мерекені халқымыз жаңа жылдың басы және тіршілік атаулының түрленетін кезі ретінде қастерлейді.
Наурыз адамдардың бойында ең жарқын және ізгі тілектерінің орындалуына үміт ұялатып, кемел келешекке бастайды.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан Наурыздың ежелгі дәстүрлері адамға ең жақсы сезімдерді сыйлап, айналасындағыларға мейірімділікпен көңіл бөлуге, қонақжайлылық танытуға, өзара көмек көрсетуге, табиғатпен үйлесім тауып өмір сүруге жетелейді. Көктемнің келуімен адамдар бір-біріне ең ізгі тілектерін арнап, ағаш отырғызады, бұлақтардың көзін аршып, қамқорлық пен қолдауды қажет ететін тіршілік иелеріне көмектеседі.
Тәуелсіздік алғаннан бері Наурыз мейрамын тойлау бейбітшілікті нығайтуда және еліміздің көпұлтты халқының бірлігін қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие болды. Ол ұлтына, тілі мен дініне қарамастан, қазақстандықтардың ең сүйікті мерекелерінің біріне айналды.
Барлық қазақстандықтарға жақсылық, амандық-саулық пен өсіп-өркендеу тілеймін, әр отбасында қуанышты және жарқын күндер көп болсын!
Әз Наурыз халқымызға берекелі ырысын, шуақ нұрын ала келсін!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!".