Бүгін Асқар Мамин министрлер кабинетіне коронавирус отандық өндірісті тежемеу үшін аянып қалмау керектігін тапсырды. Ол бұл туралы елордада өтіп жатқан "Самұрық-Қазына ұйымдастырған форумда айтты, деп хабарлайды Atameken Business.
Үкімет басшысының сөзінше, жаһанда дендеп жатқан індет сыртқы сұраныстарды азайтуда. Былтыр әлемдік экономиканың даму қарқыны 1 пайызға төмендесе, сарапшылар биыл 2,8 пайызға дейін бәсеңдейді деп болжап отыр.
"Экспорт-импортының ауқымы тарылып жатқан елдер қатарында Қазақстанның тікелей сауда серіктестері де бар. Сондықтан, отандық өндіріс ошақтары жұмыс орындарын сақтап қалу үшін аянбауы керек", – деді Асқар Мамин.
Кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған бүгінгі жиын елімізде алғаш рет өтіп отыр.