Қазақстан премьер-министрі құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелері – Құрылысшылар күнімен құттықтады.
"Бүгінгі таңда Қазақстанның құрылыс саласында 630 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Құрылыс саласын одан әрі жаңғырту, тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту және еліміздің барлық өңірлерінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша жаңа ауқымды міндеттерді шеше алатындарыңызға сенімдімін. Құрылыс саласының барлық жұмысшылары мен ардагерлеріне мықты денсаулық, әл-ауқат және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!",– делінген құттықтау мәтінінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу