Қырғызстандағы жағдайға қарамастан тамыздың 9-ына белгіленген Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы Чолпон-Атада өтеді. Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар 24".
Ақпарға қарағанда, ертеңге белгіленген барлық шара жоспар бойынша жүреді. Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдері премьер-министрлері Ыстықкөлге бүгін келуге тиіс. Кездесудің негізгі іс-шаралары ертең өтеді. Чолпон-Атаға бірінші болып Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин барды.
Еске сала кетейік, ертең Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында Еуразиялық парламентаралық кеңестің мерейтойлық отырысы жоспарланған. Ол Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер премьер-министрлерінің қатысуымен өтеді. Күн тәртібіне 15 сұрақ енгізілген. Олардың арасында трансшекаралық өзара әрекет, ауылшаруашылық кешенін дамыту бойынша бірлесекен болжам, спирттік ішімдік нарығын реттеу сынды мәселелер бар.