Асқар Мамин өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты

779

Үкімет басшысы мен министрлер жұмыс кестесін штаттық режимде жалғастырады.

Асқар Мамин өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин короновирус инфекцияcын диагностикалау хаттамасына сәйкес, қажетті мерзім аяқталғаннан кейін өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты. COVID-19-ға жасалған ақырғы талдау нәтижесі теріс қорытынды берді. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ бұған дейін өзін-өзі оқшаулаған білім беру министрі Асхат Аймағамбетов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев те осындай процедурадан өткен. 

"Осыған байланысты Үкімет басшысы мен министрлер жұмыс кестесін штаттық режимде жалғастырады. Қазіргі уақытта Үкімет отырыстары мен барлық кеңестер селекторлық режимде өтуде. Үкімет пен министрліктер үйінің ғимараттарында санитарлық тәртіп күшейтілді, қауіпсіздік шаралары қатаңдатылды, қызметкерлердің 80%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшті",– деп жазылған хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу