Асқар Мамин Пекинде оннан аса компания басшыларымен келіссөз жүргізді

1167

Жалпы $1,9 млрд сомасына жаңа 11 жобаны бірлесіп жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.  

Асқар Мамин Пекинде оннан аса компания басшыларымен келіссөз жүргізді

Асқар Мамин Пекинде ҚХР мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Хань Чжэнмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

2018 жылғы 25–26 қыркүйекте ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Пекинге (ҚХР) барды. Сапар аясында Асқар Мамин ҚХР мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасарымен, ҚР–ҚХР ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы Хань Чжэнмен келіссөздер жүргізіп, ірі инвестициялық, қаржылық, өнеркәсіптік, құрылыс, көлік-логистика корпорацияларының басшыларымен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері жөнінде бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

ҚР бірінші вице-премьерінің айтуынша, ҚХР – негізгі сауда серіктестерінің бірі. Екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылы 30%-дан астамға ұлғайған. 2018 жылы бақылап отырған жоғарғы қарқын тауар айналымының көлемін $20 млрд жеткізу туралы екі мемлекеттің басшылары алға қойған міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, қаржы, энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп секторларындағы, сондай-ақ, шекара маңындағы және аймақаралық байланыстарды дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері талқыланды.

Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай индустрия, көлік және логистика салаларында жалпы құны $28 млрд болатын 51 бірлескен жобаны жүзеге асыруда. Аталған жобаларды табысты іске асыру өнімдері әлемнің жетекші нарықтарына жеткізілетін бірқатар ауқымды өндіріс орындарын құруға мүмкіндік береді. Жалпы $1,9 млрд сомасына жаңа 11 жобаны бірлесіп жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.  

ҚХР-ге жұмыс сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды:

Қостанай облысының әкімдігі, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ және HKC Corporation Limited "2018–2019 жж. Қостанай қаласының Индустриялық аймағының аумағында теледидар шығаратын зауыт салу" жобасын іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қойды.

Қостанай қаласында теледидар шығаратын зауыт салу жұмыстары биыл басталады. Кәсіпорынның жоспарлы қуаттылығы — жылына 3 млн бірлік. Бастапқы кезеңдегі инвестициялардың жоспарлы көлемі — $50 млн. Өнімді өткізетін мақсатты нарық — ТМД елдері.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ, Huawei International Co.,LTD және Ili Baitexing Commercial Trading Co., LTD Электронды коммерцияны дамыту туралы келісімге қол қойды. "Агромаш Холдинг KZ" АҚ, Lovol Heavy Industry, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ және YTO "Ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникасын шығару" жобасын іске асыру жөніндегі жол картасына қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу