Асқар Мамин Ресей Үкіметінің төрағасы М. Мишустинмен келіссөз жүргізді

631

Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперациядағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады.

Асқар Мамин Ресей Үкіметінің төрағасы М. Мишустинмен келіссөз жүргізді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Үкімет басшысының сайты. Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперациядағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады.

Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.  COVID-19 індетінің таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар Мәскеу қаласына сапар барысында ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен кездесулері жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу