Асқар Мамин "Роскосмос" басшысымен кездесу өткізді

618

Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласындағы ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.

Асқар Мамин "Роскосмос" басшысымен кездесу өткізді

Премьер-министрі Асқар Мамин "Роскосмос" ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д. Рогозинмен кездесу өткізді. Екі тарап ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде "Байқоңыр" ғарыш айлағын одан әрі дамыту мен Жерді қашықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылды талқылады, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі. 

"Бәйтерек" бірлескен ғарыш зымыран кешенін ("Назарбаев старты") құру жобасына және БАӘ-мен бірлескен "Гагарин стартын" жаңғыртудың үшжақты жобасына ерекше назар аударылды.

Кездесуге ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Б. Мусин қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу