Ертең, 2 қарашада Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Ташкентте Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің кездесуі өтеді.
ШЫҰ ҰБК отырысының күн тәртібінде — ШЫҰ мүше мемлекеттерінің сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы одан әрі өзара іс-қимылының перспективалары мен өзекті мәселелері. Қорытындысы бойынша сауда, ауыл шаруашылығы, экология, цифрландыру, транзит және көлік салаларында бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланған.