Асқар Мамин шикізаттық емес экспорт мәселелеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды

721

Бұл бағытты қолдау үшін 500 млрд теңге мөлшерінде қаражат көзделген.

Асқар Мамин шикізаттық емес экспорт мәселелеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды

Үкімет отырысы барысында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин бірқатар нақты тапсырма берді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бірінші: Машина жасау индустрияландыру драйверлерінің бірі болуға тиіс.

"Көлік өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы машиналарын жасауға баса назар аудару қажет, мұнда өндірістік кооперацияның арқасында елеулі өсім күтіледі", – деп тапсырды Асқар Мамин.

Екінші: Металлургия өнеркәсібінде, әсіресе қара металлургия сегментінде 4,7% деңгейінде тұрақты өсімді қамтамасыз ету қажет. Премьер-министр Арселор Миттал Теміртаудың өсу қарқынының оң болғаны маңызды екенін атап өтті.

Үшінші: Асқар Мамин шикізаттық емес экспорт мәселелеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Бұл бағытты қолдау үшін 500 млрд теңге мөлшерінде қаражат көзделген.

"Осының арқасында кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін жоғарылатып қана қоймай, жалпы экономикалық өсімге қомақты үлес қосылады",– деді премьер-министр.

Төртінші: "Қарапайым заттар экономикасын" дамыту қажет. Бұл мақсатқа ҚР президентінің тапсырмасымен 600 млрд теңге мөлшерінде қаражат қарастырылған.

"Өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларын және жобаларын анықтадық. Сондықтан да нақты нәтижелерге жету керек. Бұл импортты алмастыруға, халықты өнімді жұмыспен қамтуға қосымша серпін береді. Осы бағыттарды дамыту мақсатында қарқынды жұмыс ұйымдастырылады",– деп премьер-министр, жаңа индустрияландыру – қазіргі заман міндеттеріне сай келуі керек екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу