Асқар Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі резервін құруды ұсынды

597

ҚР Премьер-министрі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20 отырысын өткізді. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасында ауылшаруашылығы өнімдерінің саудасын ынталандыру керек деп есептейді. Бұл туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20 отырысында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Асқар Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі резервін құруды ұсынды

"ҚР Премьер-министрі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі резервін және азық-түлік саласындағы инвестициялық қорды құру мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ "ШЫҰ-ның жасыл белдеуі" бағдарламасын іске асыру жұмысын жандандыруды ұсынды. ШЫҰ-ға қатысушы елдердің өзара сауда әлеуетін толыққанды іске асыру мақсатында Үкімет басшысы Қазақстан тарапы бастамашылық еткен Еуразиялық сауда және тауар өткізу жүйесіне аса белсенді интеграциялану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды", деп жазылған Үкімет басшысы сайтында жазылған ақпарда.

Пандемияға қарамастан, 2020 жылы ШЫҰ аясында АӨК өнімдерінің тауар айналымы 12,4%-ға артып, $15,4 млрд құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу