Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы №138 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Аталған сайлау учаскесі "Астана" концерттік залының ғимаратында орналасқан.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайлау учаскесінде 2 999 адам тіркелген. Азаматтық борышын өтеуге алғашқылардың бірі болып Асқар Мамин келген.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелері 07:00-ден ашылды. Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады.
Фархат Әміренов
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу