Асқар Мамин "Татнефть" бас директорымен шина зауытының жобасын талқылады

534

Зауыттың өндірістік қуаты жеңіл техникаға арналған 3 млн шинаны және коммерциялық техника мен автобустарға арналған 500 мың шинаны құрайды.

Асқар Мамин "Татнефть" бас директорымен шина зауытының жобасын талқылады Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Асқар Мамин "Татнефть" ЖАҚ бас директоры Наиль Магановты қабылдады. Тараптар Қарағанды облысының Саран қаласында автомобиль шиналарын өндіру жобасын (инфрақұрылымды қамтамасыз ету, жобаны іске асырудың жоспар-кестесін келісу және т. б.) іске асыру жөніндегі дайындық жұмыстарының барысын талқылады, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті дамыту үшін Қазақстанда шина зауытын салудың маңыздылығын атап өтті.

Жобаны іске асыру туралы инвестициялық меморандумға Қарағанды облысының әкімдігі мен "Татнефть" ЖАҚ биыл 27 қыркүйекте А.Мамин мен Татарстан Президенті Р. Миннихановтың қатысуымен Қостанай қаласында қол қойды.

Зауыттың өндірістік қуаты жеңіл техникаға арналған 3 млн шинаны және коммерциялық техника мен автобустарға арналған 500 мың шинаны құрайды. 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 111 млрд теңгені құрайды. Зауытты 2022 жылы пайдалануға беру көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу