Асқар Мамин Тәжікстан президентімен кездесті

728

 Асқар Мамин Тәжікстан президентімен кездесті

ҚР премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Душанбеге жасаған жұмыс сапары аясында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

"Қазақстан мен Тәжікстан үкіметтерінің алдында мемлекет басшылары сауда деңгейін 2 миллиард долларға жеткізу міндетін қойды", - деген Асқар Мамин аталмыш тапсырманы орындау үшін қазақстандық тарап қажетті шараларды қабылдауға дайын екенін білдірді.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон осы жылдың 15 наурызында өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінің нәтижелерін жоғары бағалады. Сонымен бірге, ол осы форумның өңірлік ынтымақтастықты одан әрі насихаттаудағы маңыздылығын атап өтті.

Тәжікстан Орта Азия аймағындағы Қазақстанның екінші ірі сауда әріптесі болып табылады. Нақтырақ айтқанда, Орталық Азия елдерімен Қазақстанның тауар айналымының 20 пайызы осы елге тиесілі.

Сапар барысында Асқар Мамин ТР премьер-министрі Кохир Расулзодамен және премьер-министрдің бірінші орынбасары Саид Давлатаимен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелері мен Орталық Азия мемлекет басшыларының консультативтік кездесу қорытындысы бойынша Хаттамасын жүзеге асыру бойынша маңызды шаруалар талқыланды.

Экономиканың түрлі салаларында екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың үдемелі сипатын тілге тиек ете келе Асқар Мамин фармацевтика, құрылыс, азық-түлік өнеркәсібі, теміржол саласы, металлургия, көлік құрау саласы секілді 57 перспективті тауар позициялары бойынша Тәжікстанға тасымалдың номенклатурасын кеңейту туралы айтты.

Асқар Мамин сауда-саттық айналымын арттыру жөніндегі жұмыс тобының қызметін белсенді ете түсіп, осы салада Жол картасын әзірлеуді және оны Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысында мақұлдауды ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу